Әскери теңізшілер отбасыларымен бірге операға барды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 19 маусым, 2023

Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері бас қолбасшы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен «Астана опера» театрында өткен Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Театрға теңізшілер отбасыларымен бірге барды. Джузеппе Вердидің бұл операсы ең үздік әншілерден тұратын үлкен құрамды қажет ететіндіктен, ұлы шебердің бес актілік бұл туындысы өте сирек қойылатынын айта кету керек. Ал бұл әскери теңізшілер үшін таптырмас мүмкіндік.

– Біз отбасымызбен келдік, енді біреу ата-анасымен келді, – дейді Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқарма офицері подполковник Арман Бектұрғанов. – Біздің әскери қызметшілер мәдени жорықтарды жиі жасап тұрады. Әскери адамдар осындай киелі «өнер ғибадатханасына» келіп, классикалық музыканы тамашалағанына қуанышты.

Бұл мәдени іс-шара Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп отырғанын айта кету керек. Осыған сәйкес алдағы тамыз айының ортасында Ақтауда мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл шараға рейдтегі әскери кемелердің салтанатты шеруі де кіреді.

«Астана опера» әлемдік сәулет өнерінің үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған Орталық Азиядағы ең ірі театр. Оның архитектурасында қазақы колоритке баса назар аударылған. Ал техникалық жарақтандырылуы әлемдік стандарттарға сай келеді.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.