Астана қалың қар астында қалды

Астана қалың қар астында қалды

Астанада қалың қар жауды, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, қарлы боран мен көктайғақ күні бойы сақталады.

17 сәуірде Астанада күн бұлтты, кей уақытта түнде қар жауып, көктайғақ болады.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазіргі уақытта елордада қар жауып, жел соғып тұр.

Қазгидромет алдағы күндері, яғни 18-19 сәуірде елордада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болатынын мәлімдеді. Ауа температурасы +5, +7 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады.

Астанада үш күнде 37,6 миллиметр қар жауды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0