Астанада 112 мұғалімнің басын қосқан шара өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 17 қазан, 2023

Астана қаласы әкімдігінің дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «Білім-Инновация» лицейлерінің  тәжірибесі» атты республикалық іс-шаралар аясындағы педагогикалық шеберхана форматындағы өз тәжірибесімен  бөлісуге елордамыздың жас педагогтарын шақырған, деп хабарлайды Turkistan Today.

Шараға 112 жас маман қатысты. Оларды лицей кіре берісінен ұлттық аспаптарда тамаша күй әуенімен жас өнерпаздар, өзін-өзі басқару орталығының жігіттері тамаша таңғы тілек жазылған жүрекше мен тәттімен қарсы алып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Шараның ашылуына шақырылған қонақтар  мен лицей басшысы Сихимбеков Руслан жылы лебіздерін білдіріп, шараға сәттілік тіледі.

БИЛ-дің  оқу, тәрбие және дарындылықты дамытуды табысты жүзеге асыруындағы  отыз жылдық қордаланған тәжірибесімен бөлісу және заманауи талаптарға сай үлгілерін көрсету, қатысушылармен кері байланыс жасау және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберхана» жұмысы 4 бағытта (оқу, тәрбие, бейіндік және кәсіби бағдар беру) шаралар жүргізілді.

Оқу-әдістемелік бағытта жаратылыстану-математикалық  мен қоғамдық-гуманитарлық пәндердің кіріктірілген форматы көрсетілді.                 7 сыныпта тарих, қазақ тілі, географиядан «Табиғи апаттар және олардан сақтану» тақырыбында мұғалімдер Жатакбаева Гулькайын, Рамазанова Нұргүл, Оспаналиев Елдос,  8 сыныпта қазақ тілі, биология, орыс тілінен «Дені саудың тәні сау» тақырыбында мұғалімдер Естемисова Саним, Ахметжанова Толқын, Сейфуллина Жанар, 9 сыныпта ағылшын тілі, физика қазақ тілінен мұғалімдер Мажибиева Бағила, Сейлбаева Мөлдір, жас маман Өтеген Ғалымжан сабақтар өткізді.

Бейіндік бағытта оқушы бойында дарындылықты дамытудың жолдары мен пән олимпиадаларына дайындаудың қырлары мен сырлары туралы жас мамандармен әлемдік ұстаз Муаммер Гул мен директордың орынбасары Рахимова Гульнар бөлісті.  Лицейдеде кәсіби бағдар беру жұмысының жүргізілу барысымен Корғанов Русланбек таныстырды.

«Құндылыққа негізделген тәрбие беру –заман талабы»  тақырыбымен 10 сынып жетекшісі Мауканов Нұрсұлтан, мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы туралы лицей ата-анасы Сыздықова Алма  тамаша ойларын ортаға салды.
Шара соңында қатысушылармен жаңа форматта кері байланыс жасалып, жас мамандар тұжырымды , жүрек жарды пікірлерін айтты. Лицей парақшасына тіркеліп, тамаша пікір, видео, контент жазған 7 әріптеске сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушылар керемет көңіл күймен, жаңа серпіліс алып кетті.

710

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.