Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік Астанада ұсталды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.
Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.