26 маусымда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан журналистерге және Қазақстанның жетекші мемлекеттік БАҚ-тың басқа да қызметкерлеріне пәтерлер берілді.
Тұрғын үй "Дара" президенттік бастамалар қоры мен "Халық" қайырымдылық қорының қолдауымен салынып, бүгін 65 журналистке пәтерлердің кілті берілді, деп Turkistan Today жазады сайтына сілтеме жасап inbusiness.kz.
Салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы, Президент әкімшілігі мен қор өкілдері қатысты.
"Журналистер күні тамаша бір тартумен басталып жатыр. Ең әуелі сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен, баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қоғамның барометрі атанған журналистерге, қарусыз майданның көрінбес қаһармандарына Мемлекет басшысы, министрліктің атынан үлкен алғыс білдіремін. Міржақып Дулатұлы атамыздың жақсы бір сөзі бар "Кімнің баспасөзі мықты болса, сол ел мықты", қазіргі заманның тілімен айтқанда, кімнің журналисі мықты болса, сол озар. Кезінде өзім қызмет еткен "Хабар", "Қазақстан" телеарналарының бүгінгі қуанышына ерекше риза болып тұрмын. Енді құдай көрші болыңыздар, әріптестер!" - деді Дархан Қуандықұлы.
Мемлекет басшысының бастамасымен әлеуметтік осал топтар мен мемлекет қызметкерлеріне арналып салынған тұрғын үйдің көлемі 33 мың шаршы метр болады. Бірінші мен екінші кезектегі үйлердің құрылысы бір жыл ішінде аяқталып, әкімдіктің тізімі бойынша үй иелеріне пәтерлер беріле бастады. Соның ішінде 65 БАҚ өкілі бүгін баспаналы болды. Игі істің бастамасында "Дара" президенттік бастамалар қоры мен "Халық" қайырымдылық қоры тұр.
"Қордың бастамасымен және Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы тұрғын үй салу туралы шешім қабылданды. Бір жылдан аз уақыт ішінде, міне, құрылыс аяқталды. Бұл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына, бюджет қызметкерлеріне - мұғалімдерге, тәрбиешілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне беріледі. Жалпы "Халық" қоры 7 жыл ішінде әлеуметтік шараларға 45 млрд теңге бөлді, мысалы біз мектептер мен заманауи үйлер саламыз. Игі істің артығы болмайды. Жыл соңына дейін барлық пәтерлер бөлініп, осы үй толығымен пайдалануға беріледі", - деп атап өтті "Халық" Қорының Басқарушы директоры Нариман Әбілшайхов.
Оның айтуынша, Қордың міндеті әкімдікке өтеусіз негізде үй тұрғызып, пайдалануға беру. Ал оның кімге, қашан берілетінін әкімдік өзі шешеді. Ең бастысы, науқан бір реттік емес, алдағы уақытта жалғасын табады, деп сендірді үкіметтегілер.
"Бұл тамаша мереке - қаламды қару еткен журналистер, барша БАҚ қызметкерлері, баспасөз, телерадиокомпаниялар, ақпараттық агенттіктер және интернет-басылымдардың өкілдерінің ортақ мейрамы. Сіздер өз материалдарыңызда маңызды әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды көтересіздер. Сіздер - қоғамның қозғаушы күшісіздер. Өткір мәселелерге қоғам мен биліктің назарын аударып, шешімін табуға ықпал етесіздер. Кәсіби деңгейі жоғары, оқырман мен көрерменге жауапкершілікпен қарайтын журналистер әр қашанда шын құрмет пен қолдауға лайық. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін!" - деп журналистерді "Халық" Қорының Басқарушы директоры құттықтады.
Бүгін бір бөлмелі пәтердің иесі атанған, екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Рахима Баутаева Ұлттық арнадағы 35 жылдық еңбегі еленгеніне ерекше қуанышты екенін жасырмай эмоциясымен бөлісті:
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.