Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындап кетті, деп TurkistanToday хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның салдарынан автобус бағдарлары кешігіп жатыр. Бұл туралы CTS компаниясы мәлім етті.
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобус бағдарлары кешігіп жатыр, - делінген хабарламада.
Қазір ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады. Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді баспауды ескертті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.