Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауды

Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауды

Өткен жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам техника ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылды, деп хабарлайды Turkistan Today.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Астанада айлық норма жауын-шашын жауды.

Осылайша, айлық норма 31 мм болса, бүгін 42 мм жауын-шашын жауды.

Бүгін су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынуда, жоба әлі аяқталған жоқ.

Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында.

Биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0