Астанада қазақы үлгідегі киімдер ұсынатын «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйінің орталығы ашылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 19 ақпан, 2024

Салтанатты ашылу шарасына еліміздің бірқатар қоғам қайраткерлері, өнер мен медиа майталмандары қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Орталықтың тұсауын  белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, қоғам белсендісі, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы және Отандастар қорының басшысы Абзал Сапарбекұлы кесті.

«Кез келген ұлттың ұлттық құндылықтары болады. Солардың бірі – біздің ұлттық киім. Кезінде ұлттан алшақтаған дүниелерді қайтару жолында әрбір азамат қолынан келгенінше күрескерлік танытуы тиіс. Сондай еңбекқор жанның бірі Тарбия Айдымбаева. Жарқын бастамаларына сәттілік тілеймін. Ұлттық киімді тек наурызда ғана емес, әр күні киетін қазақтар көбейе берсін!» - деп қоғам белсендісі, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы тілек білдірді. Ал белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталықтардың маңызы жайында сөз қозғады.

«Ұлттық киімдердің модерн бағытына өзгермей, этнографиялық мазмұнын сақтағаны мені қуантып отыр. Қалай болғанда да мұндай орталықтардың көп болуы, мемлекетіміз үшін үлкен олжа. Өйткені идеологиялық мағынасы тереңде жатыр. Сондықтан осындай бастамаларды барынша ел болып, жұрт болып қолдау өте маңызды»

Ұлттық қолөнер саласында 20 жылдан астам тәжірбиесі бар Тәрбия Айдымбаева ұсынатын ұлттық киімдер бүгінде көптің сұранысына ие. Танымал әнші Димаш Құдайберген сынды өнер иелері дәл осы «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйінің шапанын киіп, әлемдік сахналарда ән шырқаған.

Ұлттық киім –  ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мұра боп қалатын халық мәдениетінің баға жетпес бөлігі. Ендеше, халыққа ұлттық нақыштағы киім ұсынатын орталықтар көбейе беруі тиіс.

 «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйі орталығының баспасөз бөлімі

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.