Астанада Қазақстанның төңкерілген туы желбіреп тұр

Астанада Қазақстанның төңкерілген туы желбіреп тұр

Астанадағы «Отан қорғаушылар» алаңында Қазақстанның төңкерілген Мемлекеттік Туы желбіреп тұр, — деп Turkistan Today хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл келеңсіз көріністі жергілікті тұрғындар байқап қалған.

«Астана қаласындағы Қажымұқан көшесі. «Отан қорғаушылар» алаңында орналасқан Мемлекеттік ту төңкеріліп тұр. Жолдың қарсы жағында тұрып суретке түстік», — деп жазған бұл жағдайдың куәгерлері.

Еске салайық, биылғы қаңтарда Қазақстан мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін салынатын айыппұл көлемі артқан болатын. Қазір бұл құқықбұзушылық үшін 3 мың АЕК (2023 жылы – 10 млн 350 мың теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген.

 

Сондай-ақ тәртіп бұзушы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0