Астанада Kaztraffic-2023 халықаралық көрмесі өтеді

Астанада Kaztraffic-2023 халықаралық көрмесі өтеді
15-16 қараша күндері EXPO Халықаралық көрме орталығында ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен жол саласындағы маңызды шара Kaztraffic көрмесі өтеді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Айта кетерлігі, аталған шара 19 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Kaztraffic-2023 барысында саладағы үздік жетістіктер мен инновациялық әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылатын болады. Сондай-ақ жаңа өнімдердің, атап айтқанда жол-құрылыс техникасының, жаңа материалдар мен жабдықтардың тұсаукесері өтеді. 
Көрменің экспозициялық аренасында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады. Павильондарда ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиация, аграрлық сектор, өнеркәсіптік өндірістің барлық түрі, өндіруші кешен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тақырыптары қамтылатын болады.
Шараға қатысу үшін сайтта алдын-ала тіркеліп, шақыру билетін алу қажет. Қатысушылардың жекелеген экспозицияларымен танысу мүмкіндігі бар. Іс-шараға қатысу тегін. Көрме аясында бос орындар жәрмеңкесі де ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. 
Көрменің бағдарламасы шеңберінде ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өкілдерінің қатысуымен «Инновациялар мен инфрақұрылым: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында конференция өтеді. Ал пленарлық сессиялардың барысында ведомстволық бағынышты ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан қызметтің бүгінгі жай-күйі мен жұмыс нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынылатын болады. 
Көрменің ашылу салтанаты 15 қараша сағат 10:00-де өтеді.
Көрмеге қатысты қосымша ақпарат үшін:  87017957228, Виктория Шматенко, vs@vs-expocom.com 
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0