Астанада құрбысына қонаққа барған әйел үйін тонап кетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 2 ақпан, 2024

Астанада құрбысының пәтерінен зергерлік бұйымдар ұрлаған тұрғын ұсталды, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол қонаққа шақырған үйден 430 мың теңгенің алтын әшекейлерін жымқырып кеткен. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, бағалы заттарының жоғалғанын айтты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің 27 жастағы танысын анықтады.

Күдікті досына қонаққа келген кезде пәтер иесінің үй шаруасына айналғанын пайдаланып, оның алтын әшекейлерін қалтасына сүңгітіп үлгерген. Үйден шыққан бойда әшекейлерді ломбардқа тапсырған.  Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

454

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.