Муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген
Сурет Сығанақ көшесі, 1 үйінің қабырғасына салынды. Оның биіктігі – 40 метр және ауданы 480 шаршы метрді құрайды,- деп хабарлайды turkistan.today
Сондай-ақ, муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады. Муралда «Таза Қазақстан - Таза болашақ» деген жазу жазылған.
Айта кетелік, мурал осы жылдың сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында салынған. Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналық қатысты. Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.