Астананың экс-әкімі судың мәселесі туралы нақты айтып берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Елорда 7 маусым, 2023

Соңғы уақытта Астана қаласында су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр. Бас қаладағы орын алған мәселеге байланысты бұрынңы Астана әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов өткір мәселені шешудың жолын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

“Бұл мәселені әкісшілік қарастырады. Сонда да мәселенің мән-жайын басынан түсіндіріп өтейін. Суды тазартатын станция 1960 жылдың соңында салынған. Одан кейін Астана болғалы 2011 екінші станция салынды. 2021 жылы үшінші суды твзартатын станция салудың жобасы жасалып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету әкімшіліктің құзырында. Дәл қазіргі уақытта бүкіл қала емес, кейбір ықшамаудандарында су өшіріліп жатыр. Орын алған мәселелер судың болуына байланысты шешіледі.

Үшінші станция құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жобаны үш жыл бойы салдық. Ал күніне беретін 4 м.куб судың 80-100км су бұл бір тәулікте беріліп отыруы бұл қалыпты жағдай. Алайда бұл мәселені жүйелі түрде шешілуі үшін Ертіс каналынан суды іске қосуды бастау керек. Өйткені Астана су қоймасы бүкіл қаланы түгел қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселе осыдан он бес жыл алдын көтерілген еді. Оны тек сөз жүзінде емес, іске көшетін уақыт келдә. Мен мысалы қала әкімі болып, үш жарым жыл қызмет еттім.

Соңғы жылдары тұрғындар саны қалаға көшіп келушілер мен демографиялық тұрғыда күрт өсуде. 2020жылы жобаланып, 2021 құрылысы басталған станцияны тек іске қосу ғана қалды. Осы жылдың маусым айында іске қосылады деп күтілуде. 2000 жылы қала тұрғындары 800 мың адам болады делінген. Ол межеден асып кетті.

Ал 2023 1млн 200 мың адамға көбейеді деген болжам болып, 2020 жылы орындалып қойды. Соның үшін 2019 жылы біз алдын-ала болжам бойынша қала тұрғындар саны 2 немесе 2млн 500 мың адам болады деп болжап, жоспарды қайта қарастырып, іске асыруды бастап кеттік”,-деп жауап берді.

Сондай-ақ тілшілердің елордадағы судың тапшылығына орай, бағасының қымбаттауы мүмкін бе деген сұрағына, су бағасына жауап бермейтінін айтып, қысқа қайырды.

6.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.