Қасым, Жомарт, Кемелдің анасы дауыс берді

Фото: Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан 6 қазан, 2024

Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемдердің ата-анасына естелік сыйлықтар табысталды

Жуырда Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінің 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанған болатын. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген еді,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгін – Жалпыхалықтық референдум. Келес ауданының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум. 

Осы орайда Келес ауданындағы үшемнің анасы Гүлназ Мыңжасар осындай шешуші сәттен қалыс қалмау қажет деп шешкенін айтады.  Ақтөбе ауылдық округінде тұратын «Алтын алқа» иегері Гүлназ Мыңжасар сайлау учаскесіне үшем Қасым, Жомарт, Кемелді ертіп келді.

«Бүгін сайлауға келдік. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп таптық. Өйткені балаларымыздың ертеңі бүгінгі шешімге байланысты.  Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық, - дейді алтын құрсақты ана.

Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемдердің ата-анасына естелік сыйлықтар табысталды. Жалпы, Келес ауданында дауыс беруге келіп жатқан көпбалалы аналардың қарасы қалың. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.