Атақты ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Атақты ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Ол 1950 жылы дүниеге келген еді.

Алаштың ақтаңгер ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады. 

«Қош, Несағам. Қазақ поэзиясының бәйтерегі құлады», - деп жазған ақын.

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президент жанындағы Мәдениет орталығында қызмет істеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0