Атырауда 5 көлік өртенді.
Атырау облысы ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы AtyrauPress тілшісі хабарлады. Атырау облысында соңғы бір апта ішінде бес автокөліктің (қала – 2, аудан – 3) жану дерегі тіркелді. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болады.
– Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
– Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электр сымдарға назар аударыңыз;
– Автокөлігіңізде өрт сөндіргіш міндетті түрде болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
– Егер Сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өрт ошағына жақындатып шашыңыз;
– Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
– Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «112» нөміріне хабарласыңыз! - дейді құтқарушылар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.