Серіктестер

Атырауда құтқарушылар ана мен балаларды эвакуациялады

Фото: скриншот из видео
Фото: скриншот из видео
Жаңалықтар 4 маусым, 2026

Атырауда құтқарушылар шалғайдағы қыстақтан ана мен үш баланы эвакуациялады.

Бұл туралы AtyrauPress тілшісі жазады. Қызылқоға ауданында Сағыз ауылы маңындағы қыстақта тұратын баланың денсаулығы кенеттен нашарлаған. Қалың қар мен қолайсыз ауа райының салдарынан жолдар жүруге жарамсыз болып, отбасы өз күшімен елді мекенге жете алмаған. Құтқарушылар арнайы техникамен жедел түрде оқиға орнына барып, анасы мен үш баланы эвакуациялап, шамамен 60 шақырым қашықтықтағы Сағыз ауылына жеткізді. Онда отбасы медицина қызметкерлеріне тапсырылды. 

Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында қажетті көмек дер кезінде көрсетілді. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.