Атырауда тұрмыстық жанжал кезінде әйел азаматтық жұбайын өлтіріп алды, деп хабарлайды Тurkistan.today тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Атырауда кеше түнде тұрмыстық жанжал салдарынан әйел адам бірге тұратын азаматқа ауыр жарақат салған. "Atyrau Oil" сайтының мәліметінше, екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал барысында әйел ер адамға пышақ салған. Сұмдық жайттың анық-қанығын білмек болып біз облыстық ПД баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Білгеніміздей, алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.