Әуезов атындағы университет білім сапасынан көш бастап тұр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 18 шілде, 2023

Еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі(БСҚТА) - рейтингісінде М.Әуезов атындағы ОҚУ еліміздегі ЖОО-ның ішінде 2-ші орын алған.

Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған turkistan.today порталы хабарлайды.

2023 жылғы көрсеткіш бойынша осындай жетістікке жеткен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны.

Аталған ЖОО ректорлығын 2018 жылдан бері белгілі тарихшы Д.Қожамжарова атқарып келеді.

Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленген.

Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі десек артық айтқанымыз емес.

 

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.