«Ауыл» партиясы мен Парламентаризм сарапшылық кездесу өткізді

Жаңалықтар 27 тамыз, 2025

«Ауыл» партиясы мен  Парламентаризм институты бірлесіп халықаралық сарапшылық кездесу өткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шараның басты тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы:

Мемлекеттілік пен құқық үстемдігін нығайтқан 30 жыл». Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңгер ғалымдар, саясаттанушылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның даму бағыты, конституциялық реформалардың ел дамуына әсері, жаңа саяси өзгерістер мен халықаралық тәжірибелер талқыланды.

 
С.Егізбаев, «Ауыл» партиясының Төрағасы, Конституцияның мәні мен аграрлық саладағы өзгерістер туралы сөз сөйлеп:

«Ата Заңымызда жеке және мемлекеттік меншік түрлері анық көрсетілген. Алайда кооперативтік мүлік үшін нақты құқықтық негіздер жоқ. «Ата Заңымызға ұжымдық меншік ұғымын енгізу қажет пе?» деген сұрақ туындайды» - деп атап өтті.

Айта кетелік, бұл мәселе бірнеше жылдан бері партия тарапынан зерттеліп келеді, ал сарапшылар бүгінгі кездесу барысында бұл тақырыпты кеңінен талқылауды ұсынды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.