Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес нәтижелі іске асырылуда

Жаңалықтар Бүгін, 11:29

Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тұрақты бақылауында. Қазіргі таңда өңірдегі  866,7 гектар жер зерттеліп, оның 359,8 мың гектары өңделген.
Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау және өзекті мәселелерді талқылау мақсатында облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Келес ауданындағы Бірлік ауылдық округіне арнайы барды. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев пен жауапты мамандар аймақтағы қазіргі ахуалды баяндап берді.

Шегірткеге қарсы күрес бойынша Келес ауданында 17 сектор белгіленіп, 85 бүрку техникасы бөлінген. Жұмысшы топтар 123 аспалы бүріккішпен қамтылып, 447 анықтаушы залалсыздандыру шарасына жұмылдырылған. Аймақтарда орналасқан шаруа қожалық иелері де бұл науқанға өз үлестерін қосып жатыр.
Мамандардың мәлімдеуінше зиянкестермен күреске Арыс қаласы бойынша Қожатоғай, Ақдала, Монтайтас, Дермене ауыл округтеріне 22 жұмысшы топ, Сарыағаш ауданы бойынша Әлімтау, Дарбаза, Жылға, Тегісшіл, Қызылжар, Дербісек, Жібек жолы, Ақжар ауыл округтеріне 15 жұмысшы топ, Келес ауданы бойынша Бірлік, Жамбыл, Бозай, Ошақты, Ақтөбе, Біртілек, Қошқарата ауыл аймақтарына 17 жұмысшы топ жұмылдырылуда.

Соңғы мәліметтер бойынша дернәсілдер анықталған аймақтар бойынша Арыста – 46, Келесте – 26, Сарыағашта 13 техника алқаптарды дәрілеуге қатысуда. Жауаптылар зиянкестерге қарсы дәрі мен су және жанар-жағармай тасымалы жеткілікті екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.