Ауылда 1,2 миллион тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

Фото: Elorda.info
Фото: Elorda.info
Жаңалықтар 10 қаңтар, 2025

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда,- деп хабарлайды turkistan.today

Көлік медицинасы - тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. 
Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде.

2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігерлердің кконсультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді.

Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді.

Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.

2024 жылы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.

Медициналық пойыздың мамандары 240 000 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізді.

Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда. 
2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады.

Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды.

Жабдықталған телемедициналық кабинеттерде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан консультация ала алады. Телемедицина қызметтері бір жылда 2 есеге ұлғайтылды.

Ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі үшін 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.

Бұл шаралар «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл осы аурулардан болатын өлімді 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту бойынша жаңалықтар: ауылдағы жұмысқа орналасуды таңдайтын тапшылығы жоғары бейіндер бойынша жас дәрігерлер қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер алады.

Бүгінгі таңда өңірлерге медициналық жоғары оқу орындарының 4148 түлегі жіберілді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 1233 дәрігер бөлінді.

Барлығы 544 түлек әлеуметтік қолдау алды. Еліміздің өңірлерінде алғаш рет ауылдағы 89 дәрігер, оның ішінде акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдермен қамтамасыз етілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.