Әйел ойнастан болса да өмірге бала әкелуі керек – Омар Жәлелұлы 

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 1 шілде, 2023

Мұндай ойды белгілі абайтанушы Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан. Ол «Ойнас қыл да ұл тап, ұрлық қыл да мал тап» деген сөздің мағынасын түсіндіруге тырысады, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Бұл сөзді қазақ айтқан. Мен оны жеткізуші ғанамын. Ойнас деген некесіз қатынас. Адамдар елдің сөзінен қорқады ғой. Моральдан қорқып бала тумай қалсаңыз, Құдайдың алдына барғанда жауап бересіз. Мәшһүр Жүсіп «Пұшпағы қанамаған, Құдайы қаламаған шіркін» дейді. Құдай қандай әйелді қаламайды, пұшпағы қанамаған әйелді қаламайды. Қазіргі кезде көп әйелдер қоғамдық пікірден қорқады да Құдайдан қорықпайды. Құдайдың алдында барғанда не айтасыз? Ойнас жасау күнә, Ал Құдай «егер қандай да бір халық күнә жасамаса, мен ол халықты жойып, орнына күнә жасайтын және тәубесіне келетін халықты жаратам» дейді. Өйткені күнәсі жоқ адамға Құдайдың рахметі де жоқ. Жұрт не дейді деп қорқып, ұрпақсыз өткеннен күнә жасап, Құдайдың рақметіне бөлену перспективасы сені күтіп тұр. 
Өйткені Құдай күнәһар адамды ғана кешіреді», - дейді ол. 

«Әйел қандай жолмен болса да дүниеге бала әкелуі тиіс пе? Ұрпақсыз өткенннен күнә жасап ойнаспен бала тапқан артық па?» деп журналистің нақтылаған сұрағына ол «әлбетте, 100%. Өйткені ойнас деген қолдан жасалған моральдық заң, ал Құдайдың заңы одан биік» деп жауап берді. 

Сұхбаттың толық нұсқасын
 https://www.youtube.com/watch?v=LQnZrfSsN1c&t=1160s сілтемесі арқылы көруге болады.

4.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.