Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін трансформациялаудағы басым бағыттардың бірі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазіргі уақытта салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлыққа, тағылымдама мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына, халықаралық білім беру стандарттарын, қос диплом алу бағдарламаларын енгізуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – колледждерді интернационалдандыру. Басты мақсат – олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға жағдай жасау», – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Осы бастама аясында 2025 жылы еліміз бойынша 10 колледж интернационалдандырылады. Олардың қатарында – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Астана қаласының қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі және басқалары бар. Бүгінде осы ұйымдардың студенттері мен педагогтері Жапония, Франция, Қытай, Түркия және басқа елдердің колледждерінде және серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.