Бүгінде елімізде 1508 травматолог, оның ішінде 174-і ауылдық жерлерде қызмет етеді.
2024 жылы стационарларда жарақат алған 240 мыңнан астам пациент емделді, ал ауруханаішілік өлім көрсеткіші 1,1%-ға дейін төмендеді, бұл медициналық көмектің сапасы артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы жалпы жарақаттану көрсеткіші де 2023 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмендегені байқалды,- деп хабарлайды turkistan.today
2024 жылы жарақатқа байланысты жедел жәрдем шақыртуларының жалпы саны 741 728-ге жетті, оның ішінде жол-көлік оқиғаларына байланысты шақыртулар 4,6%-ға өсіп, 47,8 мыңды құрады.
Жарақат пен улану жағдайларымен ем алғандардың құрылымында негізгі үлесті қол-аяқ жарақаттары алады (35%), одан кейін – бас және мойын жарақаттары (24%), ал улану мен басқа да жарақаттардың әрқайсысы 10%-ды құрайды.
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде ел бойынша травматологиялық төсектердің саны 9,7%-ға арттырылып, арнайы бөлімшелер мен кабинеттердің желісі кеңейтілді.
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету үшін көпбейінді стационарларда 160 травматология-ортопедия және күйік бөлімшесі жұмыс істейді, оның ішінде 47-сі балаларға арналған, сондай-ақ, 80 травматологиялық пункт бар. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 291 травматологиялық кабинет қызмет көрсетеді.
Оңалту қызметтердің дамуына ерекше назар аударылып отыр: мұндай қызмет көрсететін орындардың саны 1218-ден 2251-ге дейін өсті, бұл мүгедектік деңгейін азайтуға және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қазақстанның травматологиялық-ортопедиялық қызметті дамытуда елеулі жетістіктерге қол жеткізгені атап өтуге тұрарлық. Соңғы жылдары тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге көрсетілетін көмек жүйесі барынша қолжетімді, технологиялық және оңалтуға бағытталған болды.
Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұрмыста, өндірісте және көлікте қауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша профилактика жұмыстарын жүргізуде, бұл азаматтардың өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Бастапқы медициналық ұйымдар мен жедел жәрдем станцияларында төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.