Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды

Жаңалықтар 4 мамыр, 2025

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері елімізде мектепке дейінгі, орта, арнайы, инклюзивті және қосымша білім беру салаларында 150-ге жуық жаңа нысан пайдалануға берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Тек мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде соңғы төрт айда 126 ұйым пайдалануға беріліп, шамамен 8,5 мың жаңа орын ашылды. Ал балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған кеңес беру пункттерінің саны 4 100-ге жетті. Мұнда ата-аналарға баланы үй жағдайында тәрбиелеу және дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі.

Бүгінде өңірлерде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жаңа форматтағы үш мектеп ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 23 мектепте реновация жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға ғимарат қасбеттерін жаңарту, шатырлар мен терезелерді ауыстыру, су және электр жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру кіреді. Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін ұлттық реновация бағдарламасы аясында 1 231 мектеп жаңартылады деп жоспарлануда.

Инклюзивті және арнайы білім беру саласында үш жаңа мекеме ашылды. Соның ішінде Ұлытау облысындағы аутизм орталығының іске қосылуына байланысты арнайы мекемелер саны 496-дан 504-ке жетті. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 121 қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда еліміздегі мектептердің 90 пайызы инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлармен жабдықталған.

Ірі жобалар қатарында – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында ашылған алты қосымша білім беру нысаны бар. Ал маусым айында Ақтөбе және Жетісу облыстарында екі заманауи балаларды сауықтыру орталығы іске қосылады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.