Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын,- деп хабарлайды turkistan.today
Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан қазақстандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінген жоқ.
Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік.
Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді.
«Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.