Серіктестер

«Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосылды

Жаңалықтар Бүгін, 18:22

Бірінші кезеңде жүйеге қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар компанияларды қосу жоспарлануда.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық сертификат иелерін қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар кәсіпорындар «Атамекен» ҰКП ұсынған деректер негізінде техникалық оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ арқылы Тізілімге енгізіледі.

Компаниялар өз мәртебесін рәсімдеу үшін 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін жүйеде қажетті мәліметтерді толтырып, өтінім беру және цифрлық тексеруден өту қажет. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда кәсіпорын тізілімнен шығарылады.

Мәртебені сақтау үшін негізгі шарт – нақты өндірістік қызметтің расталуы болып табылады.

Сонымен қатар, өзге компаниялар да өтінім беру арқылы, қажетті технологиялық операциялардың орындалуын растай алған жағдайда тізілімге енгізіле алады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.