Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты

Жаңалықтар Бүгін, 15:51

Елдегі жалпы ішкі өнім 6 процентке жетті. Бұл  -соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Әсіресе, көлік және сауда секторында оң нәтиже байқалады. Ауылшаруашылығы мен байланыс саласында да серпіліс бар,- деп хабарлайды turkistan.today порталы astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл ел экономикасының негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны байқалады. Ұлттық экономика министрлігінің есебі осындай. Мемлекет басшысы саланы дамытуға қатысты біраз тапсырманы қайта-қайта шегелеген. Сол пәрменнің арқасында бірқатар тірлік шешілді.

Басты жетістік экономиканың негізгі салаларына тиесілі. Алдымен көлік секторына тоқталайық. Мұндағы жетістік – 22%. Жоғары динамика Түркістан, Жамбыл және Абай облысында тіркелді. Ал құрылыста нақты жұмыс көлемінің индексі 16% жетті.

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

"Үлкен қалалардағы құрылыс, зауыт құрылысы, жол құрылысы өте жақсы дамып жатыр. Сондықтан құрылыста бізде нәтижелер жақсы. Қазақстан кезінде, совет дәуірі кезінде өте үлкен машина жасау зауыттары болған. Біз сол дәрежеге қайттан келу үшін біраз әрекет жасап жатырмыз. Осы 10 пайыздық өсім Қазақстан үшін аз."

Экономиканың негізгі тірегінің бірі сауда саласында да жетістік бар. Бірден 7 процент артқан. Нақтырақ, көтерме - 7%, бөлшек сауда 6%-ға дейін өсті. Түркістан облысы жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сату бойынша көш бастаса, Ақмола облысы астық, тұқым және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында біраз нәтижеге қол жеткізді. Ал Шымкент дизель, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатудан көш бастап тұр.

РАСУЛ РЫСМАМБЕТОВ, ЭКОНОМИСТ:

"Қазір басты мақсат – 6 процент өсімді сақтап қалу. Оны әрі қарай дамыту керек. Жетістік тек санмен шектелмейді. Сапаның болуы маңызды. Халық өсімнің барын сезіну керек."

Ал өнеркәсіпте өндіріс индексі 6% жетті. Өсім, әсіресе, тау-кен секторында байқалады. Өзге салаға нақтырақ тоқталсақ,  өңдеу өнеркәсібі 7%,  тамақ 12%, темекі 26%, химиялық өнімдер мен машина жасау 11%  артқан. Ауылшаруашалығына тоқталмай өтуге болмас. Мұндағы өзгеріс - 3,9%.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Соңғы екі жылда түрлі жағдайды бастап кештік. Алдымен құрғақшылық қыспаққа алды. Өткен жылғы су тасқыны, тіпті, есеңгіретіп тастады. Соған қарамастан жетістік байқалып отыр. Біз осындай жағдайда да әрекет етуге үйрендік."

Мемлекет басшысы өзінің әр сөзінде экономиканы дамыту үшін бар күш-жігерді біріктіру керек деп шегелейді. Министрліктің берген бұл мәліметі соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Алда оны әрі қарай дамыту деген үлкен іс тұр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.