«Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы Абилфас Хамедов Алғыс айту күнімен құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today.
"Ардақты ағайын!
Қалыптасқан өнегелі дәстүр бойынша, біз, көктемнің алғышқы күнінде ел азаматтарын, барша отандастарымызды, бауырларымызды мызғымас бірлік пен құрыштай ынтымаққа, шынайы баурыластық пен өзара құметке, ізгілікке һәм берекетке жетелейтін Алғыс айту күні мерекесін атап өтеміз.
Баршаға да мәлім болғандай, бұл мереке – қан-қасап қуғын-сүргін, нәубет жылдарында ауыр азап шеккен халықтарға дархан да дара болмысымен құшақ жайған, дәм-тұзымен бөлісе отырып тағдыршешті тарихи қолдау көрсеткен қазақ халқына ризашылық білдіру күнімен қатар, еліміздегі тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша азаматтардың, отандастардың өзара бауырластығын, достығы мен бірлігін, ынтымағын бекемдей түсетін, өзара ізет пен құрметтің жарқын үлгісін тек елімізде ғана емес, сонымен қатар күллі әлемге мақатанышпен паш ететін маңызды күн.
Бұл күннің маңызы мен мазмұны, қазіргі таңда айрықша орын алып отыр. Өйткені Еліміз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстанды құру жолында.
Бұл тұста, Президентіміз бүгінгі құттықтауында айтып өткендей: «Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды» болып табылады!
Сондықтан да, бүгінгі бірегей меркеге орай өзім басқаратын «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ және өз атымнан, Қазақстанымыздың жарқын болашағы мен елдің ынтымағы жолында тынбай еңбектеніп жүрген барша бауырларымызды, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының барлық мүшелерін шын жүректен құттықтай отырып, Әділетті Қазақстанды құру жолында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғысымызды және Президентіміздің бастамаларын толық қолдайтынмды мәлімдеймін.
Ардақты ағайын, алғыс айту күні құтты болсын",- деп құттықтады ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.