Азық-түлік бағасының өсуі жалғасуда: Бір айда тағы 1,4% қымбаттады. Бір жылда баға 26% көтерілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 27 ақпан, 2023

ҚР өңірлерінің бірінде 31%-дан артық қымбаттады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, ҚР-да азық-түлік бір айда 1,4%, бір жылда 25,7% қымбаттады.

Ай сайынғы динамика бойынша Астана мен Шымкентте айтарлықтай қымбаттады: әр өңірде 2,2%. Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да байқалды.

Жылдық динамика бойынша Маңғыстау облысында азық-түлік тауарлары бірден 31,5% өсті. Одан кейін Түркістан облысы (27,4% қымбаттады) және Шымкент (27,2%) кіреді. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді, бірақ бұл да айтарлықтай 23,8%.

Жеміс пен көкөніс бір айда 4,5%, бір жылда 21,2% қымбаттады. Соның ішінде жеміс бір айда 1,6%, бір жылда 19,7%, ал көкөніс бір айда 10,2%, бір жылда 21% қымбаттады.

Жемістердің ішінде кептірілген өрік (62,3%, 4 мың теңгеге дейін), банан (45,2%, 895 теңгеге дейін), апельсин (30,5%, 1 мың теңгеге дейін), алма (12,4%, 547 теңге дейін) және лимон (8,5%-ға, 1,2 мың теңгеге дейін) қымбаттады.

Көкөністердің ішінде пияз (62,4%, 143 теңгеге дейін), қияр (55,6%, 1,1 мың теңгеге дейін), қызанақ (20,3%, 821 теңгеге дейін), картоп (9,8%, 157 теңгеге дейін), қызылша (1,9%, 242 теңгеге дейін) және сәбіз (1,2%, 149 теңгеге дейін) қымбаттады.

Сүт өнімдерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,2% және 32,4% өсті. Оның ішінде ішетін сүт бір айда 1,4%, бір жылда 32,9%, сүт консервілері бір айда 2,8%, бір жылда 46,4%, ашытылған сүт өнімдері бір айда 1,1%, бір жылда 33,3% қымбаттады.

Майлылығы 2,5% пастерленген сүттің литрі — 348 теңге, майлылығы 3,2%–4% сүттің литрі — 430 теңге, айранның литрі — 367 теңге, қаймақ килосы — 1,8 мың теңге, сүзбе килосы — 2 мың теңге, қатты ірімшік килосы — 4,7 мың теңгеден.

Ет пен ет өнімдері бір айда 0,5%, бір жылда 16,9% қымбаттады. Ет және құс еті бір жылда 15,7%-ға, шұжық өнімдері — 22,7%, ет өнімдері — 16% қымбаттады. Сиыр етінің ктлосы 2,4 мың теңгеге, қой етін 2,6 мың теңгеге, шошқа еті 2,1 мың теңгеге, жылқы еті 2,9 мың теңгеге сатылды. Тауық еті орташа есеппен 1,4 мың теңге, қайнатылған шұжық 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық 3,1 мың теңге.

Он дана жұмыртқа 486 теңгеден сатылды, бұл желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%, былтырғы қаңтармен салыстырғанда 25,8% қымбаттаған.

Ал ұн бір айда 0,7%, бір жылда 42,8%, нан бір айда 0,3%, бір жылда 19,2%, макарон өнімдері бір айда 0,9%, бір жылда 42,3%, жарма бір айда 0,4%, бір жылда 35,1% қымбаттады.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының килосы 348 теңге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 196 теңге, қара бидай мен бидай ұнынан жасалған нан 435 теңге болды. Ең жоғары сұрыпты ұнның килосы 377 теңге, бірінші сұрыпты ұн килосы 241 теңге болды. Макарон өнімдерінде кеспе килосы 1,2 мың теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 546 теңге.

Дәнді дақылдар ішінде күріш бір жылда 39,6% қымбаттап 513 теңгеге, жарма — 37,8% қымбаттап, 471 теңгеге, тары — 24,2%, 490 теңгеге, қарақұмық — 35,2%, 718 теңгеге, сұлы — 38,9%, 635 теңгеге, арпа — 41%, 361 теңгеге болды.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.