Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Жаңалықтар Бүгін, 15:59

Бүгін, 12 мамыр - мейіргерлер күні. Бұл атаулы күн 1974 жылы Халықаралық мейіргерлер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы astanatv.kz -ке сілтеме жасап.

Соның  146 мыңы - мейіргер, ал үштен бірі ауылдық жерде еңбек етеді. Бүгінде олардың рөлі едәуір артқан. Өйткені саулығы сыр бергендерге ең алдымен көмекке жететін осы мамандар. Ал алыс ауылдағы мейіргерлер тіпті әмбебап: дүниеге келген нәрестенің күтімі де солардың мойнында. Ауру мен ажалға араша тұрар мейіргерлердің ішінде бірге қызмет ететін ерлі-зайыптылар да бар. Оралдық Дмитрий Лаврик -солардың бірі. Құлақ-мұрын ауруларының маманы қазір зайыбымен бірге бір емханада жұмыс істейді.

ДМИТРИЙ ЛАВРИК, МЕЙІРГЕР:

"Әйелім екеуміз бірге жұмыс істейміз. Барлығы ұнайды. Бос уақытымызда ортақ әңгіме осы жұмыс. Осы жұмыста әйеліммен таныстым, сосын үйлендім."

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.