Бүгінгі таңда АЭС салу қауіпсіз емес тиімді

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2024

Әлемдегі алғашқы ядролық институттардың бірі біздің мемлекетімізде орналасқан

Қазіргі таңда әлемде 415 АЭС жұмыс істеп тұр. Тіпті, көршілес Ресейдің өзінде 36 АЭС жұмыс жасауда. Одан бөлек, тағы 8 станцияның құрылыс басталуда. Осы саланы қадағалайтын халықаралық МАГАТЭ деген ұйым бар. Ол - әрбір станциясының талапқа сай соғылуын және қауіпсіздігін бақылайды,- деп хабарлайды turkistan.today

Айта кетсек, әлемдегі алғашқы ядролық институттардың бірі біздің мемлекетімізде орналасқан. Сонымен қатар, Алматы қаласында ядро-физикалық орталық бар. Жалпы біз осы саланы игере алатын мамандардан қиналмаймыз. Қауіпсіздікке келсек, бұған дейінгі АЭС-тер +1 және +2 деңгейіндегі станциялар, ал біз елімізде 3-деңгейлі қауіпсіздік талапқа сай станция салмақпыз. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ, бастысы, энергия тапшылығын жоямыз.

Бұдан бөлек, Қазақстан 2060 жылға дейін атмосфераға шығатын көміртекті минималды деңгейде азайту бойынша халықаралық ұйымдармен келісімге қол қойды.

Қазіргі таңда ел бойынша энергияның 65%-ы көмірден алынуда. Елдегі ең үлкен Теміртау, Екібастұз, Кентау ЖЭО бар. Олардан ауаға шығатын көміртек едәуір көп. Егер де елімізде АЭС салынған жағдайда ауаның ластануы азайып, станция еліміздің энергияға деген жалпы қажеттілігінің 10-12%-н қамтамасыз ете алады. 

Ғани Назарбек 
Эколог, қоғам белсендісі

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.