Бақытты болудың құпиясы қандай?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 21 қыркүйек, 2023

Мына өмірде бақытты болғысы келмейтін адам жоқ. Ал оның құпиясын адамзат баласы үнемі іздеумен келеді. Психологтар бақытты болуды да үйрену қажет екенін айтады. Оның бұлжымас қағидалары да бар екен. Бұл туралы психолог Ғайнижамал Боранбаевамен әңгіме барысында пайдалы кеңестер айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Өмірде жеткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз  

Әр күн сайын кешке сол күннің ең шуақты сәттерін күнделігіңізге жазып қойыңыз. Өйткені кейде бақытты болатын себеп болса да сезіне алмай жататынымыз бар. Осылайша әр күн алғыс айтар жақсы жаңалықтарға толы болады.  

Кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз 

Сапалы ұйқы депрессия қаупін азайтып, көңіл-күйді көтереді. Мұны дәрігерлер мен психологтар да растап отыр.  

Медитация жасаңыз  

Әр таң сайын 10 минутты медитацияға арнаңыз. Біздің өмірімізде ақпарат шектен тыс көп. Олардың ағынынан 10 минут болсын үзіліс алып тұруды ағза қажет етеді. Жасанды  интеллект дамыған уақытта ақпарат адамның ізінен қуып жүрген сияқты. Оның үстіне әлеуметтік желілер қазір кез келген адамның өмірінде алар орны бар десек болады. Бір сәтте шамадан тыс ақпараттар алу эмоционалды күйзеліске алып келеді. Оның үстіне, көп жағдайда бұл ақпараттардың адамның өзіне қатысы жоқ. Таңертең жақсы көңіл-күймен тұрған күннің өзінде әлеуметтік желідегі жағымсыз жаңалықтар энергияны азайтып, өмір сүруге құлшынысын төмендетеді.  

Жақындарыңызды қуантыңыз  

Ақшаға бақытты сатып алуға болмайды деп жатамыз. Бірақ басқа адамды қуанту үшін де ақша қажет. Жақындарыңызды күтпеген тосынсыйлармен қуантыңыз. Бақыт бөліскенде ғана көбейетін құндылық. Сондай-ақ жақындарыңызбен әлеуметтік желідегі қал-жағдай сұрасудан бөлек жиі жүздесіп тұрыңыз. Үйіне іздеп барыңыз немесе кездесуге шақырыңыз. Достарыңызбен, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайта түсіңіз. Айналаңызға бақыт сыйлай біліңіз. Бақыт кейде ұсақ-түйектен құралады. Кішкентай әрекетімізбен бақытқа жетуге болады. 

Дәл қазіргі сәтпен өмір сүріңіз 

Мазасыздық пен өкініштен арылыңыз. Өміріңіздің бағалы сәттері дәл қазір өтіп жатыр. Осы сәтті бағалай біліңіз және болашақ туралы уайымдауға уақыт жұмсамаңыз. Телефонда ұзақ отырмаңыз. Мәселен, сіз «Қанша уақытымды телефонда өткіземін?» деген сұраққа жауап беріп көрдіңіз бе? Егер үнемі телефонда отыратын болсаңыз, өз өміріңізге уақытыңыз жоқ екенін білдіреді. Құлаққаппен музыка қоспай, таза ауада серуендеп жүрген адамды кездестіре бермейміз. Дәл қазір өзіңіз өмір сүріп отырған ортада өмір сүре алу – бақыт. Зейінді ұстап тұру қазір тым қиын болып кетті. Оған бір жағынан онлайн өмірдің шынайы өмірді алмастырып кеткені себеп болып жатыр. Жасанды интеллект оқырманды ұстап қалып, сол арқылы өнімін сатудың мың сан жолын игеріп алды. Бұл – маркетингтік қадам. Біз осы маркетингтің құрбаны болып отырмыз. Мәселен, TikTok неге бірден көп оқырман жинап алды? Өйткені оның шегі жоқ. Әлеуметтанушылар мен психологтарTikTok-тың зиянын айтып, дабыл қағып жатыр. Адамдардың ақпаратқа тәуелділігінің деңгейін сипаттауға, мысал көп. Мәселен, мен кинотеатрға кино көруге барғанымда адамдардың 2 сағаттық киноны телефонға алаңдамай, көре алмайтынын байқаймын. Телефон қарап отырады.  

Күн сайын пайдалы әрі дәмді таңғы ас ішіңіз  

Күніңіз берекелі болу үшін дәмді таңғы астан бастау керек. Ас – адамның арқауы деп бекер айтпайды. Біз пайдалы тағам жеу арқылы ағзамызға күш-қуат сыйлаймыз.  

Сүйікті хоббиіңізге уақыт арнаңыз

Психологияда Маслоу пирамидасы деген термин бар. Сол жерде көрсетілген адамның толық бақытты болуы үшін қажеттіліктердің бірі – хобби. Хобби адамға материалдық жағынан пайда әкелмеуі мүмкін. Бірақ өзіңізге ұнайтын іске уақыт бөлу адамды эстетикалық ләззат сезіміне бөлейді. Оскар Уайлдтың «Жанды сезіммен емдеңіз» дейді.  

Мінсіз болуға ұмтылмаңыз

Бақытты болу үшін мінсіз болу міндетті емес. Үнемі кішігірім жетістікке жетіп отыру арқылы бақытты әрі табысты адам болуға болады.  

Өзіңізді біреумен салыстырмаңыз 

Әр адамның өз өмір жолы бар. Мәселен, маған келіп кеңес сұрайтындардың арасында өзін өзгелермен салыстырып, өмірдің дәмін сезінуден қалған адамдар бар. Былай қарағанда өмірінде көп дүние өзі қалағанындай болған. «Қолыңызға дипломыңызды алған сәтте қазіргі өміріңізді армандадыңыз ба?» деп сұрасам, барлығы орындалғанын айтады. Бірақ ол әлеуметтік желіде бір сағатта миллион тауып, қымбат көлік мініп, сарайда тұрып жатқан блогерлерге қызығып, “Мен неге ондай емеспін» деп күйзеліске түседі.  

Армандарыңызға «Иә» деп айтыңыз 

Кейде біз жаңа мүмкіндіктерден тым асығыс бас тартамыз. Жаңа дүниені байқап көруден қорықпау керек. Осы уақытқа дейін батылыңыз жетпей келген істі тәуекел етіп жасап көріңіз. Тіл курсына жазыламын деп ойлап жүрсеңіз немесе биге барғыңыз келсе, дәл қазір бастаңыз. 

«Жоқ» деп айтуды үйреніңіз 

Жасағығыз келмесе, біреудің көңілі үшін өзіңізді қинамыңыз! Артық жауапкершілікті мойныңызыға алуға асықпаңыз!  

Жаңа таныстық 

Ортаңыз бен таныстарыңызды үнемі кеңейтіп отырыңыз. Жаңа таныстықтарға ашық болыңыз.  
Ең басты ереже – «Сіз бақытты болуға лайықсыз!» Осыны ұмытпаңыз!

2.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.