Балалар үйінің меңгерушісі шенеуніктерге жасөспірімдерді сатқан

Балалар үйінің меңгерушісі шенеуніктерге жасөспірімдерді сатқан

Өзбекстанда балалар үйінің меңгерушісі тәрбиеленушілерді шенеуніктермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, — деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, он ай бойы балалар үйінің меңгерушісі 15, 16 және 17 жастағы үш оқушыны шенеуніктермен жыныстық қарым-қатынаста болуға мәжбүр еткен.

Клиенттердің қатарында бірі облыстық әділет басқармасының бастығы да болған. Ол балалар үйіне сыйға тартылған принтер үшін бір қызды сұратқан. Меңгеруші 16 жастағы тәрбиеленуші өз еркімен баруға көнбегеннен кейін бопсалап, інісін ұрып-соққан.

Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу үшін облыстық әділет департаментінің басшысы басқарма қызметкерлеріне қызметтік баспана ретінде бөлінген пәтерді пайдаланған. Кейінірек бұл пәтерге 15 және 17 жастағы тағы екі қыз бірнеше мәрте келген.

Сондай-ақ, аудандық ТЖ басқармасы бөлімінің бастығы қайырымдылық көмек көрсетіп, меңгерушісін жеке мәселелерін шешуге көмектескені үшін де қыз беруін өтінген. Шенеунік өзіне жіберген қызға ақы ретінде балалар үйін азық-түлікпен қамтамасыз етумен қатар, меңгерушіге 200 мың сом (шамамен 8 мың теңге) төлеген.

Сот шешімімен балалар үйінің меңгерушісі 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәмелетке толмағандармен жыныстық қарым-қатынаста болған шенеуніктер «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» және «материалдық құндылықтар не мүліктік пайда беру жолымен он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адаммен жыныстық қатынасқа түсу» баптары бойынша 1,5 жылға бас бостандығынан шектектелді.

2022 жылдың желтоқсанында апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Үргеніштегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін зорлаған шенеуніктерге үкім жұмсақ қатал болмағанын мойындаған. 2023 жылдың 29 наурызында ол Жоғарғы сотқа істі қайта қарауға және жазаны қатаңдатуға сұрау жолдаған.

Резонанстық іс кеңінен жарияланғаннан кейін, 2023 жылдың 2 сәуірінде Өзбекстан президенті әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі Саида Мирзиеева зорлық-зомбылыққа ұшыраған үш қыздың да қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін хабарлады. Оларға күзет берілді. Енді күзет жәбірленушілерді көшеге шыққан кезде ертіп, мектепке апарып-әкеледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0