«Үйде жалғыз қалғанда» фильмі есіңізде ме? Бала неше жаста? Сегіз? Ал, балаңызды сенімді түрде үйде жалғыз қалдыру үшін неше жаста болуы керек? Бұл үшін ең төменгі жас қанша? Бұл туралы нақты айту қиын, өйткені балалар әртүрлі. Барлығы олардың темпераменті мен сезімталдығына байланысты. Кейбір балалар мультфильм қарау арқылы тынышталады, ал басқалары ата-аналарын таң қалдырғысы келіп душ қабылдау идеясын ұсынады. Балаңызбен алдын ала сөйлесіп, оны үйде жалғыз қалдыруға және сабырлы болуға дайындағаныңыз жөн, деп Turkistan Today хабарлайды, Bugin.kz дереккөзіне сүйене отырып.
Балаңызды үйде жалғыз қалуға қалай дайындау керек?
Балаңызға үйде қанша уақыт болмайтыныңызды айтыңыз және оны ұзақ уақытқа қалдырмауға тырысыңыз. Алдын ала «жаттығу» жасап, үйден бірнеше минутқа шығып кетіп үйретсеңіз де болады. Балаға – мен бір минутқа шығып, қайта кіремін деп айтыңыз. Сол сәтте, баланың реакциясын бақылағңыз. Сонымен қатар, баланың белгілі бір нәрсемен айналысатын сәтін таңдағаныңыз жөн. Бала басында келісемін деп айтып, кенеттен ол ойынан айнып қалса тағы бір сәтті күткен дұрыс.
Біраз уақытқа көршіңізбен әңгіме айтуға шығатын болсаңыз, уақытты бес, тіпті он минутқа дейін көбейткен жөн. Қанша минуттан кейін қайтатыныңызды айтыңыз. Бала сіздің өтірік айтпағаныңызды түсініп, уақытында оралатыныңызға сенуі үшін дабылды белгілі бір уақытқа қойыңыз. Бұл өте маңызды! Ол үшін бес минут шексіздікке айналуы мүмкін, сыртқа шығып, анасының немесе әкесінің қайтып келе жатқанын көру туралы ой келуі мүмкін. Тіпті, ата-анасы келгенше бала терезенің үстіне шығып, сыртқа қарап тұруы мүмкін. Оятқыш орнатылып, уақыт нақты анықталған кезде, бала тыныштықпен күтуді үйренеді.
Бала қауіпсіздігі
Микротолқынды пешті қоспаңыз, терезені ашпаңыз, су құймаңыз, бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз. Неліктен? Бала кезімізде «бұл қауіпті» деген сөздер бізге қандай да бір мағына берді ме? Үлкендер күйіп қалуыңыз мүмкін екенін, ваннаны су басып кетуін, үйге қарақшы кіруі мүмкін екенін біледі, бірақ балада бұл туралы түсінік, білім мен тәжірибе жоқ. Сондықтан бәрін түсіндіріп, тіпті көрсетіп кету керек. Бала есікті ашқанда үлкен адам ішке оңай кіре алады, пешті қоссаң ыстық болады, ашық терезеден құлап кету қаупі жоғары. Әрине, мұның бәрін балаға көрсету жақсы идея емес.
Үйден шығу керек болғанда, сіздің балаңыздың не нәрсеге көбірек қызығатынын, ата-анасының бірі қайтып келгенше ол ұзақ уақыт бойы не нәрсеге назар аудара алатынын ойлаңыз. Егер сіз жарты сағат бойы ол өзінің сүйікті ертегісін тыныштықпен қарайтынын білсеңіз, оны қосу керек немесе сүйікті басқатырғыштарды қолына беріңіз. Егер бала бір іске қатты көңіл бөлсе, оның басында қандай да бір жаман идеялардың пайда болу ықтималдығы өте аз болады.
Бақытымызға орай, барлығында телефон бар заманда өмір сүріп жатырмыз. Балаңызға қауіп төніп немесе ата-анасын есіп, көру қажет болған жағдайда нөмірлерді теруді үйретіңіз. Нөмірлерді тоңазытқышқа жабыстырыңыз. Егер қажет болса, ол сізге қоңырау шалу үшін нөміріңізді телефоннан іздеп уақыт құртпайды. Балаларыңыздың интеллектіне сенудің қажеті жоқ, кейде олар зеріккеннен немесе қорқыныштан күтпеген нәрселерді жасай алады.
Психологтар мен педагогтар балаларды он жасқа дейін қараусыз қалдыруға болмайтынын, бірақ осы жастан кейін де балалардың қаншалықты саналы, жетілген, дайын болатынына көп нәрсе байланысты екенін айтады.
Әрине, кейде баланы үйде жалғыз қалдыруға тура келетін жағдайлар болып жатады. Өйткені, сіз жұмысқа уақытында баруыңыз керек немесе маңызды кездесулер болып қалуы мүмкін. Үйге жету үшін тағы жарты сағат керек, өйткені тұз жетіспеді немесе дүкенге он бес минут арнау қажет болады. Есіңізде болсын, көптеген жағдайларды болжау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда сіз көршіңізден балаға қарай тұруға рұқсат сұрауға тырысыңыз. Егер сіз балаңызды үйде жалғыз қалдыруға дайындай алсаңыз әрине, сіз үшін ол аз ғана уайым туындатуы мүмкін.
Фото: Bugin.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.