«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

Жаңалықтар 30 сәуір, 2025

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады,- деп хабарлайды turkistan.today

«Желаяқ» – шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері  – ерекше қабілетке ие 6 жастағы Әлем. Әлемнің бар қабілетін иемденгісі келген Мыстан есімді зұлым оған қарсы шығады. Осы сәттен бастап Әлем бойындағы ерекше күшпен қоғамды зұлымдықтан, қауіп-қатерден қорғауға бел буады. 

«Желаяқ» жобасының идеясы өмірлік құндылықтарды жеткізуді көздейді. Біз бұл мультфильм арқылы жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы күресті, ізгілік пен адалдықтың жеңісін, шынайы батылдықты көрсетуге тырыстық. Жобадағы ғылыми фантастика элементтері балалардың қиялын дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда, «Желаяқ» – қазақ мифологиясындағы оқиғалардың заманға сай бейімделуі», - дейді жобаның шығармашылық тобы.

Анимациялық фильм еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрлар желісінде 1 мамырдан бастап көрсетіледі.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.