Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Мекеменің жұмысын бақылауға облыстық мәслихаттың депутаттары Алмас Сәлімов, Ғалымжан Елшібай, Қайрат Салыбек, Уәлихан Рахиев, Бахыт Басымбек, Ханай Әшірбеков, Ғани Райымбеков қатысты.
Мекеменің іргетасы 1964 жылы бой көтерген. Жалпы алаңы 8305 шаршы метрдіқұрайды. Негізгі бағыты облыстық құрама командалар үшін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жасөспірімдер -жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві -спортшыларды дайындау.
Аралау барысында депутаттарға спортшыларлың дайындығы мен мекемедегі бірқатар өзекті мәселелер таныстырылып, ұсыныстар айтылды.
Аралаудан кейін арнайы отырыс ұйымдастырылып, Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Зангар Каскаев баяндама жасады.
Жиын соңында облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әлмаханұлы спортшылардың жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Депутаттар мекеменің мәселесі басты назарда болатынын жеткізді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.