Бидай мен меслин экспорты шамамен былтырғы деңгейде қалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 11 мамыр, 2023

Экспорттық жеткізілімдер бағасы бір айда 2,5% төмендеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биыл қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан 370,1 млн АҚШ долларына 1,3 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық мәнде 0,3%-ды құрады, ақшалай есептегенде 0,1% төмендеді.

Өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 930,8 мың тонна — бір жыл бұрынғыдан 18,5% артық. Ең көп Өзбекстанға (624,7 мың тонна), Тәжікстанға (125,8 мың тонна) және Түрікменстанға (103,8 мың тонна) экспортталды.

ТМД-ға кірмейтін әлемнің басқа елдеріне 338,4 мың тонна бидай жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 29,4% аз. Мұнда ең көп Ауғанстанға 159,3 мың тонна жіберілді. Үздік 3 елдің қатарына Италия (104,7 мың тонна) және Түркия (25,7 мың тонна) да кірді.

 

Биыл ақпан айының қорытындысы бойынша, бидай мен меслиннің экспорттық жеткізілімдерінің бағасы бір айда 2,5% төмендеді. Ал бір жылда аздаған 0,7% өсті.

Ай сайынғы динамикада баға ТМД елдеріне 4,1%, басқа елдерге 0,2% төмендеді.

2022 жылы бидай егістік көлемі 12,9 млн гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2% артық.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш дәстүрлі түрде Ақмола облысында байқалды: 4,1 млн га, бір жылда 2,8% ұлғайған. Үздік үштікке Қостанай (3,5 млн га, 3% азайған) және Солтүстік Қазақстан (2,4 млн га, 0,2% көбейген) облыстары да кірді.

Еске салайық, Ресейден Қазақстанға арпа деп көрсетіп бидай алып өтпек болған, деп хабарлайды zakon.kz. Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, бидай импортына салынған тыйымды айналып өту үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жабық тауарлар мен жалған құжаттарды пайдаланып, тағы да 30 тонна бидайды заңсыз алып өтпек болған.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.