Мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады, деп жазады inbusiness.kz inform.kz-ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Бұдан былай мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, әуреге салып портфолио жинату мәселесі қайта қарастырылады. Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады. Өйткені бұл да - жемқорлыққа итермелейтін дүниелер.
Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация - мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек.
Екіншіден, мұғалім қалай серитификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек", - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.