Білім беру гранттардың 23% ауыл шаруашылығы мамандарын оқытуға бағытталған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 тамыз, 2024

Шәкәрім университетінде 2024 жылы бөлінген білім беру гранттардың 23% ауыл шаруашылығы мамандарын оқытуға бағытталған,-деп хабарлайды turkistan.today 

Осы жылдың қыркүйегінде университетке алғаш қадам басатынстуденттерге бөлінген гранттардың жалпы санына(871) қарағанда бұл фактор арқылы білім беру саласындағы жаңа басымдықтардың бірі қалыптасатынын көруге болады.

73 грант иегерлері үшін орман шаруашылығы саласы басым болды. Былтырғы «Семей орманында» болған өрт осы қызмет саласында мамандардың тапшылығын көрсетті. Бірегей таспалы қарағайлы орман өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларына шикізат беруде маңызды рөл атқарады. Климаттың өзгеруі және жаһандық сын-қатерлер орман ресурстарын басқару және сақтау үшін білікті мамандарды даярлау еліміздің тұрақты даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналуда.

56 студент азық-түлік өнімдерінің өндірісінмеңгеретін болады. Мемлекетіміздіңдемографиясы тұрақты өсіп, халықтың көбеюі азық-түлік өндірісінің дамуын талап етеді. Заманауи технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін білікті мамандар қажет. Азық-түлік өнімдерін өндірудің жаңа әдістерін дамыту қазіргі қоғамның сапалы және қауіпсіз өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды.

46 студент болашақ ветеринар. Шәкәрім университетінде осы бағыттағы мамандарды дайындайтын профессорлық-оқытушылық құрамының негізі Семей зооветеринарлық институт түлектерінен тұрады. Ветеринария ауылшаруашылық жануарларының денсаулығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, бұл тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

12 студент мал шаруашылығы маманыболады. Біздің елімізде бұл сала ерекше назарда. Осы бағыттағы мамандарды даярлау азық-түлік қауіпсіздігі, генетика және селекция, тұқым сипаттамаларын жақсарту мен жануарлардың денсаулығын қамтиды. Мал шаруашылығын дамыту ауылдық жерлерді жұмыс орындарыменқамтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әкеледі.

10 студенттің өсімдік шаруашылығынтаңдағаны, бұл сала еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды орын алатынын көрсетеді. Өсімдік шаруашылығы ауыл инфрақұрылымын жақсартумен, жаңа жұмыс орындарын ашумен және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттырумен тығыз байланысты. 2024 жылы Шәкәрім университетінде бөлінген гранттар ауыл шаруашылығы үшін білікті мамандар даярлаудағы мемлекетіміздің стратегиясын айқындайды. Ал Шәкәрім университеті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау ісінде басты орында.

330

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.