Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды

Түркістан 22 тамыз, 2024

Жалпы, баяндамашыларға депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізді

Түркістан облыстық  мәслихатында өңірдегі білім беру  мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде арнайы отырыс өтті. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізіп отырды,-деп хабарлайды turkistan.today

​Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары,облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, А.Салимов, Б.Байғараев, Ғ.Елшібай, Т.Қаржауов, И.Намазбаева, Ғ.Райымбеков, Б.Серманизов, Ж.Сүлейменов, Х.Әшірбеков,БАҚ өкілдері қатысты. 

​Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа  оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті мәселелердің орындалуын пысықтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен мәслихат арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару болып табылады.

Сонымен қатар, мәслихаттың құзыретіне кіретін мәслихат шешімімен бекітілген жергілікті бюджеттің тиімді жұмсалуына бақылау жасауды іске асыру. 

​Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының басшылары баяндама жасады.

​Түркістан облыстық  білім басқармасы басшының міндетін атқарушы Ж.Маханбетов өзбаяндамасында жаңа оқу жылына арналған жұмыстар легін таныстырып өтті. Ол облыста мемлекеттік 265 балабақша, 910 мектеп және 25 колледж жұмыс жасайтындығын, облыстағы мемлекеттік 910 мектептің 753-і типтік ғимаратта, 157-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқандығын және бүгінде өңірімізде 4 апатты және 5 үш ауысымды мектеп тіркелгендігін айта келе, осы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына  шолу жасады.

​Жалпы, баяндамашыларға депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізді.

Өз кезегінде, жиынды қорытындылаған мәслихат төрағасы Н.Әбішов депутаттар  тарапынан айтылған барлық ұсыныстар хаттамаға енгізілетіндігін және олардың орындалуын қадағалау өз салалары бойынша облыстық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясына жүктелетіндігін айтты.

​Сонымен қатар, жиында айтылған мәселелерді бірлесе ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.