Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа оқу жылына толық дайындықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қала басшысы ерекше назар аударып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдымен, С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатында болып, сала мамандарына нысандағы құрылыс үдерісін жүйелі жүргізіп, сапа стандарттарын қатаң сақтау керектігін, жоспарлағандай уақытылы аяқталуы қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ, №9 Некрасов атындағы жалпы орта мектептің де құрылыс жұмыстарын аралады. Оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелерге нысанды жаңа оқу жылына дейін толық, заманауи жабдықтармен, талапқа сай дайындауды тапсырды.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 38 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 33 мектеп – екі ауысымда, 5 мектеп – бір ауысымда білім береді. Ал 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.