Тазартылмаған күнбағыс майының өндірісі көбейіп, тазартылған күнбағыс майының өндірісі азайды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Биыл қаңтар–наурыз айларында ҚР-да 171,4 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 23,7% көп.
Тазартылған май өндірісі бір жылда 8,1%, 36,1 мың тоннаға дейін төмендеді; тазартылмаған өнім шығару, керісінше, 36,3% өсіп, 135,3 мың тоннаны құрады.
Өңірлер бойынша майдың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында өндірілді: 17,3 мың тонна тазартылған және 46,1 мың тонна тазартылмаған. Тазартылмаған май өндірісінен екінші және үшінші орынад Абай облысы мен Алматы қаласы, ал тазартылған май өндірісінен Алматы мен Шымкент қалалары тиісінше екінші және үшінші орында.
Тазартылған және тазартылмаған соя (бір жылда 4,7 есе өсіп, 6,8 мың тоннаға жетті), тазартылған және тазартылмаған мақсары майы (4,1 есе өсіп, 1,5 мың тоннаға жетті), тазартылған және тазартылмаған рапс (3,2 есе, 22,2 мың тоннаға жетті), тазартылмаған күнбағыс (40% өсіп, 102,2 мың тоннаға жетті) сияқты өсімдік майы өндірісі көбейді.
Тазартылған күнбағыс майы (22,2% азайып, 27,5 мың тонна) және мақта майы (24,9% азайып, 3 мың тонна) өндірісі айтарлықтай төмендеді.
Биыл қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 82,6%-дың орнына 79,7% қамтамасыз етті.
Жергілікті өнім тиісті кезеңде бір жыл ішінде 28% өсіп, 111,8 мың тонна болды. Импорт көлемі 54,3% өсіп, 28,4 мың тонна болды. Импорттың үлесі, тиісінше, бір жыл бұрынғы 17,4%-дың орнына 20,3% болды.
Май экспорты бір жылда бірден 43,4% өсіп, 53,5 мың тоннаға дейін немесе қолда бар ресурстардың 38,2%-ын құрады. Еліміздің ішкі нарығында өсімдік майының сатылуы 86,7 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,7% артық.
Күнбағыс майына жергілікті компаниялар сұранысты бір жыл бұрынғы 81,8%-дың орнына 83,7% қамтамасыз етті. 41,7 мың тонна күнбағыс майы экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе артық. Ішкі нарықтағы сату көлемі 0,4% өсіп, 61,1 мың тонна болды.
Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, өсімдік майының құны бір жылда 8,6% қымбаттады. Оның ішінде күнбағыс майы 8,3%, зәйтүн майы 20,6% қымбаттады.
Өңірлер бойынша өсімдік майы бағасының ең елеулі өсімі Қарағанды облысында болды: бір жылда 17,9%. Одан кейін Астана мен Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында байқалды: 3,2%.
Күнбағыс майы негізінен Қарағандыда, зәйтүн майы Павлодар облысында қымбаттады. Күнбағыс майы бағасының ең аз өсімі Алматы облысында, зәйтүн майы Ұлытау облысында аз қымбаттады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.