Бірінші тоқсанда букмекерлік кеңселер мен казино иелерінің көрсеткен қызметі 26% азайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 26 шілде, 2023

Олардың айналымы төмендеп кетт, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қазақстанда ойын бизнесінің жағдайы ерекше. Соңғы екі жылда спорттық бәс тігулерді қабылдайтын, жердегі немесе онлайн казиноларда құмар ойындарын ұйымдастыратын компаниялардың саны 93-тен 35-ке дейін қысқарды. Былтыр күрт төмендеу болды, Алматы облысының ойын аймағында 20 компания бірден жабылды.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір «қазақстандық Лас-Вегаста» ресми түрде тек 12 ойын кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Қала құраушы кәсіпорындары казино мен букмекерлік кеңселер саналатын Қонаев қаласы үшін мұндай күрт құлдырау салық базасына, өңірдің инвестициялық тартымдылығына және еңбек нарығына қалай да әсер етеді.

Қазақстандағы ойын бизнесінің күрделі трансформациясы көптеген шектеулер онлайн қызметтер көлемінің күрт өсуіне әкеп соқтырған пандемия кезінде басталды. Содан кейін нарықтағы көшбасшылықты бәс қабылдайтын және онлайн ойындарды ұйымдастыратын букмекерлік кеңселер мен казино иелері алды. Дәл осылар көрсетілген қызмет көлемінің (салықтардың да) айтарлықтай өсуін көрсетті.

Сонымен қатар, бәс тігу нарығының өсуі де динамикаға оң әсер етті. Пандемияның екі жылында компаниялар айналымы 30 еседен астам ұлғайды. Нәтижесінде 2019–2021 жылдар аралығында ойын бизнесіндегі қызметтердің жалпы көлемі 13,6 млрд теңгеден 501,2 млрд теңгеге дейін өсті. Былтыр букмекерлік кеңселер бұл көрсеткішті 14,1% — 572,1 млрд теңгеге дейін сақтап, тіпті арттыра алды. Қызметтер көлемінің мұндай динамикасы нарыққа қатысушылар санының азаюымен бірге бизнестегі еңбек жағдайларының қатаңдағанын, сондай-ақ сәл кейінірек талқыланатын тағы бір үрдісті көрсетеді.

Биыл букмекерлік кеңселер мен казино иелері көрсеткен қызмет көлемінің мәліметтері тек бірінші тоқсандағысы ғана қолжетімді. Статистикаға сүйенсек, сала төмендей бастады: 2023 жылдың қаңтар–наурыз айларында бәс тігу кәсіпорындары 102,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2022 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 26,6% аз.

Биыл екінші, үшінші және төртінші тоқсанында да саланың құлдырауы байқалуы мүмкін. Құзіретті орган — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (МСМ) — 2023 жылдың басынан бері бес компанияның ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиясын қайтарып алды. Тағы төрт букмекерлік кеңсеге қатысты сот болып жатыр.

Сонымен қатар, елде мәжілісмендердің букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалауға тыйым салу туралы ұсынысы қызу талқыланып жатыр, бұл нарық аудиториясының өсуін шектеуі мүмкін. Парламенттің төменгі палатасының бір топ депутаты ел премьер-министрінің атына жолдаған сауалында мұндай тыйым салуды ғана емес, қазақстандықтардың банк карталары мен POS-терминалдар арқылы бәс тігу мен онлайн ойындарды төлеу мүмкіндігін шектеуді де ұсынды. Respublica партиясының депутаттары 2022 жылы құмар ойынға беріліп кеткендер санының көбейгенін алға тартады.

ҚР МСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік басшысы жарнамаға тыйым салу ұстанымын қолдайды. 13 шілдеде өткен жиында мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «қажет болған жағдайда букмекерлік кеңселер жарнамаларын тек спорттық шараларда, кеңсе ғимараттарында орналастыра алатындай заңнаманы күшейтеміз» деп атап өтті. Ойын бизнесін жарнамалайтын үлкен билбордтар мен баннерлер, Ораловтың айтуынша, келмеске кетуі керек.

Енді жоғарыда қандай тенденцияны еске түсіргенімізді түсіндірейік: онлайнға көшумен қатар, Қазақстанның ойын бизнесінде тағы бір ерекше және жағымсыз үрдіс пайда болды. Қазақстандағы бәс тігу нарығын шетелдік компаниялар белсенді түрде алып жатыр. Мәселен, сонау 2017 жылы бұл саладағы шетелдік меншік нысанындағы ұйымдардың үлесі 12,7%-ды құраса, былтыр жыл соңында ол 39,5%-ға дейін өскен. 2022 жылы қазақстандықтар резидент емес ұйымдарға көрсетілген қызметтердің жалпы сомасының 225,9 млрд теңгесін аударған. Мәселе мынада, қазақстандық компанияларға қарағанда, шетелдік компаниялар негізінен ҚР бақылауында емес. Осылайша, биліктің шарттарды қатайтуға деген ұмтылысы, бір жағынан, түсінікті, бірақ екінші жағынан, ол қазақстандықтарды шетелдік казинолар мен сектордағы басқа компанияларға бұдан да күштірек ауыстыруы мүмкін, олар бәрібір қазақстандық заңнама аясынан тыс қала береді, сонымен қатар, негізінен, Қазақстанның өзін «сұр» салаға, тіпті қылмыстық аймаққа да алып кетуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай, ҚР-дағы ойын бизнесінің барлық түрлерінің ішінде ең көп үлесті әртүрлі онлайн құмар ойындар алады. Салада айналатын ақшаның жартысынан көбі сонда кетеді. 2022 жылы қазақстандықтар қызметтердің жалпы көлемінің шамамен 353,8 млрд теңгесін немесе 61,8%-ын онлайн бәс тігулерге, виртуалды букмекерлік кеңселер мен казиноларға жұмсаған.

Онлайн қызметтерді ұсынатын букмекерлік компаниялардың аясында жердегі казинолардың айналымы әлдеқайда аз көрінеді. Былтыр қазақстандықтар Қонаев пен Щучьедегі ойын үйлеріне бар болғаны 26,4 млрд теңге қалдырған.

Саладағы ірі ойыншылардың салық салымдарына қарағанда, 2022 жылы Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен казино иелерінің төлемдері көлемі айтарлықтай өскен. Олардан қазынаға 125,3 млрд теңгеден астам табыс түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 59,3% артық. Бұл Energyprom.kz редакторлары өлшем принципі бойынша таңдаған 13 жетекші компанияның шегерімдерінің жалпы есептелген көрсеткіші. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.

Елімізде салық төлемдері бойынша бірінші орынды былтыр бюджетке 59,1 млрд теңге төлеген Olimp.bet букмекерлік кеңсесі иеленді. Одан кейінгі орында 30,3 млрд теңге көрсеткішпен 1xBet.kz кеңсесі тұр. Үздік үштікке былтыр бюджетке 7,4 млрд теңге аударған Alpha-bet те кірді, алайда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның төлегені тіпті нөл. Салық шегерімдерінің көлеміне қарайтын болсақ, биыл бірінші жартыжылдықта Olimp.bet және 1xBet.kz сияқты ірі ойыншыларда да, «Адал Ойын» ЖШС (Tennisi бренді) және «Onlybet» ЖШС сияқты айналымы аз компанияларда да құлдырау байқалды.

Legalbet бәс тігу орталығының сайтында жарияланған «Гол+Пас» БК басшысы Николай Искендировтың айтуынша, Қазақстанда «пайда тұрғысынан әлемде ойын бизнесіне ең қатаң салық салынған». ҚР-дағы букмекерлік кеңсе 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі бекітілген салықтан басқа, жыл сайынғы лицензиялық алымды, 20% табыс салығын және әрбір бәс тігуден пайданың 1,8%-ын төлеуі керек.

858

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.