"Бізді отбасым деп айтуға хақысы жоқ": Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі күйеуі туралы шындықты айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 қыркүйек, 2023

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі болған Омар Жәлел баспасөзге өзі жайында шындыққа жанасымсыз мәлімет таратқан.

Қазақтың бас биі атанған Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі Ләззат Мырзаш оның отбасына қарайласпайтындығын, балаларды өзі асырап отырғанын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі болған Омар Жәлел баспасөзге өзі жайында шындыққа жанасымсыз мәлімет таратқан. Балаларына алимент төлемейтінін айтқан ол балаларды өзі асырап отырғандығын атады.

"3-4 жерде жұмыс істейсің, екі балаңа тамақ тастайсың. Сөйтіп жүргенде менің мынанша қатыным бар, мен оларды асырап жүрмін деп сұқбат береді. Соған қатты ашуландым. Әйтпесе өзім үшін бұл тақырыпты жауып тастағанмын. Боди массажын жасатып жүре берсін. Сондықтан қанша қатын алады, менің шаруам жоқ. Бақыт тілеймін, бақытты бола алса бақытты болсын. Тек бізді ауызға алмасын. Бізді "отбасым" деп айтуына хақысы жоқ. Түсінемін, ер адам, бірде малды, бірде малсыз. Бәлкім малы жоқ шығар. Бірақ менің осынша әйелім бар, бала-шағам бар деп айтпасын. Ол бізге көмектесіп жатқан жоқ", - деді Ләззат Мырзаш.

Ол өз өмірі жайында әйелдер мен қыздарға пайдалы болатын кітап жазып жатқанын, жақын арада жарияланатынын да хабарлады.

Айта кетелік, жуырда абайтанушы, ғалым Омар Жәлел "Adal Аdam" Youtube арнасына сұхбат беріп, көп әйел алу туралы ойын айтқан еді.

"Қазір үш әйелім бар. Сырымды қойнымдағы қатыныма да айтпаймын, тек Аллаға ғана айтамын. Менің сырымды айтқан күні адам ретінде, тұлға ретінде өлімін. Мен үш әйел алсам, өзімнің еркіндігімнің, қиялымның іске асуы деп білемін және оған ешқашан өкінбеймін. Өзім әзірге осы үш әйелді бақытты қылып алсам, маған сол жеткілікті деп ойлаймын, - деген еді Омар Жәлел.

930

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.