Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Өтінім қабылдау 28 тамыздан 13 қазанға дейін жалғасады.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды, деп Turkistan today хабарлайды inbusiness.kz бағдарлама орталығына сілтеме жасап.

Бұл мүмкіндік 500 зерттеушіге беріледі. Өтініштер 13 қазанға дейін қабылданады, республикалық комиссия жеңімпаздарды желтоқсан айында жариялайды.

"Құжаттар арнайы (қағаз түрінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) Халықаралық бағдарламалар орталығында (Астана қ.) Сығанақ қ., 70 (Сығанақ бизнес орталығы), 5-қабат, 508 кабинетте қабылданады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, егер құжаттарды үшінші тұлға ұсынатын болса, онда өтініш берушіден нотариус куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы апару қажет.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0