Әлеуметтік желіде бөтен ер азамат ән айтып тұрған Мәдина Сәдуақасованың бетінен сүйген видеосы тарап кетті, деп Turkistan Today жазады inbusiness.kzке сілтеме жасап.
Тойда өнер көрсетіп тұрған әншіге ер адамның бұл әрекеті ұнамай қалды. Оны бейнежазбадан байқауға болады. Мәдина түрін бұзып, жиіркенгендей көрінді. Тіпті әншінің бетін сүртіп жатқанын да байқауға болады. Желі қолданушыларының бір бөлігі қарапайымдылықтан жұрдай деп өнер иесін сынға алса, енді бірі күйеуі бар әйелдің мазасын алған ер адамның әрекетін түсінбей дал.
“Атақты, бай біреу сүйсе бұлай болмас еді”, “Түріңді бұзбай-ақ қойсаң болар еді ғой”, “Тәлпіштік”, “Сол үшін тойда емес, сахнада жүру керек”, “Сыйластығын түсінбей тұрсың ғой”, “Халықтың ақшасынан бұлай жиіркенбейді”, “Мас адам кімге ұнасын”, “Ер адамның мұнысы ұят болған екен”, “ Күйеуі бар әйелде несі бар?”, – деген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.