Бүгін 5 қалада метеожағдай қолайсыз болады

Бүгін 5 қалада метеожағдай қолайсыз болады

8 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 8 қыркүйек, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0