Бүгін Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

Бүгін Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

1 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбіде Алматы, Атырау және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0